ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақ боксшысы Ташкенттегі финалда жарқ етті (ВИДЕО)

Аян Бауыржан Өзбекстан астанасындағы бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Қазақ боксшысы Ташкенттегі финалда жарқ етті (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда өзбекстандық боксшы Ұлмасбек Сатимовпен кездесті. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бұл тартысты айқас толық үш раундқа созылды.

Төрешілер шешімі бойынша жеңіс Аян Бауыржанға берілді. Осылайша қазақ боксшысы құрлықтық додада топ жарып, Азия чемпионы атанды. Ал жарыс қожайыны алтынсыз қалды.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты Asian Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Бұл ұйым — World Boxing құрылымының Азиядағы бөлімшесі.

Биылғы құрлық біріншілігі соңғы жылдардағы ең ауқымды турнирлердің бірі болды. Жарысқа Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.