ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Өзбекстан өз жерінде жеңілді: Қазақстандық боксшы финалда алтынды жұлып алды (ВИДЕО)

Қазақстандық жас боксшы Рауан Тоғызбай Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының чемпионы атанды. 

Өзбекстан өз жерінде жеңілді: Қазақстандық боксшы финалда алтынды жұлып алды (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

U-15 жас санатында өнер көрсеткен Рауан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында өзбекстандық Азизбек Эгамбергановпен жұдырықтасты. Шешуші жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Рауан Тоғызбай 15 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанды. Ал жарыс қожайыны күміс медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы аясында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Ташкентте 3-15 мамыр аралығында өтуде. Қазақстан бұл додаға төрт құрамамен қатысып жатыр: U-15 және U-17 жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар құрамалары.

Жарыстың соңғы күні 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында финалдық кездесулер өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.