ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы толықты (ВИДЕО)

Қазақстандық жас боксшы Аманжан Жанай Ташкентте өтіп жатқан U-15 жас санатындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы толықты (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Финалда Үндістан өкілін жеңді

Аманжан Жанай 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте үндістандық Ронак Параг Лохандемен кездесті. Тартысты өткен айқаста қазақ боксшысы қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Бұл жеңіс Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін Ташкенттегі құрлықтық додадағы маңызды нәтижелердің бірі болды. Аманжан Жанай өз салмағында үздік атанып, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Турнир World Boxing жүйесінде өтіп жатыр

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты Asian Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда. Бұл ұйым — World Boxing құрылымының Азиядағы бөлімшесі.

Биылғы біріншілік соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі саналады. Турнирге Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.