Қазақстан Белградтағы бокс турнирін ірі жеңіспен бастады
Қазақстан құрамасының алғашқы күнгі нәтижесі аралас болды: бірнеше боксшы сенімді жеңіске жетсе, үш спортшы жарысты ерте аяқтады.
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі халықаралық "Белград жеңімпазы" турнирі басталды. Жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.
Турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық 9 боксшы рингке шықты. Тағы бір отандасымыз — 55 келідегі Әділбек Қожахан қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты келесі айналымға өтті.
Үш қазақстандық боксшы жарысты ерте аяқтады
Алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін тек жеңістермен ғана есте қалған жоқ. Үш боксшы старттық кезеңде қарсыластарына жол берді.
50 келідегі Диас Берікбай Филиппин өкілі Кларк Висерадан 0:5 есебімен жеңілді. 55 келіде Бексұлтан Боранбек армениялық Кеян Вагаршакқа есе жіберді. Ал 65 келідегі Асылхан Қошербай Венгрия спортшысы Милан Петриманнан 1:4 есебімен ұтылды.
Қазақстан боксшыларының алғашқы күнгі нәтижелері
50 келі:
- Нұрзат Оңғар — Исайя Рок, Канада — 5:0
- Диас Берікбай — Кларк Висера, Филиппин — 0:5
55 келі:
- Бексұлтан Боранбек — Кеян Вагаршак, Армения — 0:5
- Әділбек Қожахан — Карло Паалам, Филиппин — Қожахан қарсыласының келмеуіне байланысты жеңіске жетті
60 келі:
- Нұрасыл Төлебек — Салахаттин Джинибулак, Түркия — 3:1
65 келі:
- Асылхан Көшербай — Милан Петриман, Венгрия — 1:4
70 келі:
- Нұрбек Мұрсал — Данило Лозан, Украина — 4:1
75 келі:
- Аман Қонысбек — Ведат Качар, Түркия — 4:1
80 келі:
- Нұрсұлтан Шілдебай — Умар Каркамо, Канада — 5:0
85 келі:
- Аян Қалмағанбетов — Михал Батори, Венгрия — 3:2