"Рингті сағындық". Жәнібек Әлімханұлы жазба жариялады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында 2024 жылғы жекпе-жегінен сурет жариялады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, рингке деген сағынышын білдірді.
Боксшы Instagram-дағы сторисінде 2024 жылдың күзінде өткен жекпе-жегінен кадр салды. Сол кезде Әлімханұлы Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичпен кездесіп, қарсыласын 10-раундта нокаутпен жеңген еді.
"Рингті сағындым", — деп жазды Жәнібек жариялаған суретіне.
Әлімханұлы қазір дисквалификацияда
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге тапсырған допинг сынамасынан кейін дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Қазақстандық боксшы 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілген.
Осы жағдайдан кейін ол IBF нұсқасы бойынша чемпиондық титулынан айырылды. Дегенмен боксшының командасы препараттың спортшы ағзасына әдейі түспегенін айтып келеді.
Допинг дауына байланысты Әлімханұлының WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған біріктіру жекпе-жегі де тоқтатылды. Бұл айқас орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болуы мүмкін еді.
Соған қарамастан WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін сақтап қалды. Алайда ұйым қазақстандық боксшыға нақты шарт қойған.
WBO қандай талап қойды?
WBO шешіміне сәйкес, Әлімханұлы дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегінде міндетті түрде титулын қорғауы тиіс.
Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпиондық белбеу иегері Дензел Бентли болуы мүмкін.