Қазақстандық бойжеткен Ташкентте Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Хатшепсут Сәдуақасова финалдық жекпе-жекте Өзбекстан өкілін жеңді.
Қазақстандық боксшы Хатшепсут Сәдуақасова Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. U-17 жас санатында өнер көрсеткен отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Финалдық жекпе-жекте Сәдуақасова Өзбекстан өкілі Парвина Шакаровамен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты айқаста қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 4:1.
Бұған дейін U-15 жас санатындағы жарыстар аяқталған еді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын, 8 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.