Азия чемпионаты. Қазақ боксшысы финалда қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық жас боксшы Нұрасыл Ғалым Ташкентте 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына алтын медаль салды.

Азия чемпионаты. Қазақ боксшысы финалда қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Финалдағы айқын басымдық

Нұрасыл Ғалым 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы додада 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан. Шешуші жекпе-жекте моңғолиялық Сулду Усухбатармен қолғап түйістірді. Кездесу барысында қарсыласына еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті — 5:0.

Осылайша Нұрасыл Ғалым Қазақстан құрамасына U-17 санатындағы алғашқы алтын медаль сыйлады.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Айта кетейік, Азия чемпионаты 15 жасқа дейінгі және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып жатыр. 14 мамыр күні U-15 санатындағы финалдық кездесулер өтті. 

Қазақстан құрамасы U-15 турнирінің қорытындысы бойынша мынадай нәтиже көрсетті: 7 алтын, 8 күміс және 9 қола медаль.