Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Азия чемпионатының финалында қатарынан үш рет кездесті

Жекпе-жек шолушысы

Ташкентте бокстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан арасында үш финалдық жекпе-жек өтті. 

Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Азия чемпионатының финалында қатарынан үш рет кездесті
instagram/@boxingkazakhstan

Әмір Мұхит Қазақстан қоржынына алтын салды

Әмір Мұхит 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында өзбекстандық Ахмадхон Абдусатторовпен қолғап түйістірді. Кездесуде Әмір төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша қазақ боксшысы Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Мейіржан Жүніс күміс медаль жеңіп алды

63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Жүніс финалда Рушен Сайдуллаевқа қарсы шықты. Бұл жекпе-жекте жергілікті боксшы басымдық танытып, кездесуді 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Нәтижесінде Мейіржан Жүніс U-17 Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Ислам Сулейманоғлы да финалда бақ сынады

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Сүлейманоғлы Баходир Холикуловпен алтын медаль үшін жұдырықтасты. Финалдық айқас Холикуловтың жеңісімен аяқталды — 5:0. Осылайша Ислам Сүлейманоғлы жарысты күміс медальмен қорытындылады.

Осы үш финалдық кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен болған жекпе-жектерде бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.