Әлібек Алпамыс өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының "алтынын" алды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Қазақстандық боксшы Ташкентте 2026 жылғы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Әлібек Алпамыс өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының "алтынын" алды (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Ақтық жекпе-жектегі жеңіс

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әлібек Алпамыс финалда Өзбекстан өкілі Самандарбек Умаровпен қолғап түйістірді. Алтын медаль сарапқа салынған жекпе-жекте қазақ боксшысы қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Алпамыс U-17 Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ал финалда есе жіберген өзбекстандық боксшы күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі додада бақ сынап жатыр

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 15 және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатыр. Турнир World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған.

Биылғы құрлықтық додада Қазақстан атынан ұлдар мен қыздар құрамасында 50-ден астам боксшы сынға түсті. Ташкенттегі жарыс 15 мамыр күні мәресіне жетеді. Қазақстандық жас боксшылар турнир барысында бірнеше салмақ дәрежесінде финалға шығып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.