Ризабек Айтмұқан Алматыдағы Қазақстан кубогының "алтыны" үшін күреседі (ВИДЕО)
Еркін күрес шебері Алматыдағы Қазақстан кубогында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, финалға жолдама алды.
Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді
Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан турнирдегі алғашқы белдесулерінен-ақ өз бабында екенін дәлелдеді.
Ол бұған дейін Жетісу облысының өкілі Арнат Айтбековпен және Қостанай облысының балуаны Марат Жақыпповпен кездескен. Екі қарсыласы да Айтмұқаннан ұпай алуға мүмкіндік таба алмады. Ризабек толық басымдықпен жеңіп, бозкілемдегі мықтылығын тағы бір мәрте байқатты.
Жартылай финалда да толық үстемдік
Финал жолдамасы үшін Айтмұқан түркістандық Иманғали Қалдыбекпен белдесті. Бұл кездесуде де айқын фаворит екенін дәлелдеді. Қарсыласының артына екі мәрте өтіп, тиімді әдістер жасады. Кейін "накат" әдісін сәтті орындап, қайта тұрыстан кейін аяққа өтіп, қарсыласын кілемге құлатты.
Нәтижесінде Ризабек оныншы ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша Ризабек Айтмұқан Алматыдағы Қазақстан кубогының алтын медалі үшін бозкілемге шығады.