Аяулым Оспанова Ташкенттегі Азия чемпионатының үздік боксшысы атанды

Спорт шолушысы

Қазақстандық жас боксшы 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында үздік деп танылды.

Аяулым Оспанова Ташкенттегі Азия чемпионатының үздік боксшысы атанды
Instagram/@boxinguzbekistan_official

Қазақстанға алтын сыйлаған финал

Қазақстанның U-17 қыздар құрамасының мүшесі Аяулым Оспанова Өзбекстан астанасындағы құрлықтық додада 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Финалдық жекпе-жекте Қытай өкілі Ди Цяоны айқын басымдықпен жеңіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Үш дүркін Азия чемпионы

Ташкенттегі жеңіс Аяулым Оспанованың спорттық мансабындағы кезекті үлкен жетістік болды. Бұған дейін ол:

  • 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алған;
  • 2024 жылы Абу-Дабиде оқушылар арасындағы Азия чемпионатында чемпион атанған.
  • Өзбекстандағы табыстан кейін 16 жастағы боксшы үш дүркін Азия чемпионы мәртебесіне ие болды.

Қай өңірдің спортшысы?

Аяулым Оспанова Қарағанды облысының намысын қорғайды. Шахтинск қаласында дүниеге келген.

Жас спортшы бокспен алты-жеті жасынан бастап айналыса бастаған. Оны бокс секциясына алғашқы болып бапкерлер Александр Насибулин мен Рамазан Мизамбаев алып келген. Айта кетейік, Александр Насибулин — 2026 жылғы Азия чемпионы Сабыржан Аққалықовтың да тәлімгері.