Нұрқожа Қайпанов — еркін күрестен Қазақстан кубогының жеңімпазы (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Алматыда еркін күрестен Қазақстан кубогында жанкүйерлер асыға күткен белдесулердің бірі 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Нұрқожа Қайпанов — еркін күрестен Қазақстан кубогының жеңімпазы (ВИДЕО)
informburo.kz

Финалда Ақмола облысының намысын қорғаған атақты балуан, 2024 жылғы әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Атырау облысының өкілі Нұрдәулет Сейлбековпен кездесті. Қайпанов 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан кубогының алтын медалін иеленді.

Ал финалға дейін Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Жамбыл облысының балуаны Дархан Есенғалиді 3:0 есебімен ұтып, бас жүлде үшін таласуға мүмкіндік алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан кубогы ел ішіндегі үздік балуандардың бабын байқайтын маңызды жарыстардың бірі саналады. Турнир нәтижесі ұлттық құрамадағы бәсекеге де әсер етуі мүмкін.