Әлем чемпионы Қазақстан кубогында алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Алматыда еркін күрестен Қазақстан кубогының бесінші жарыс күні жалғасып жатыр. Күннің басты белдесулерінің бірі 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
Qaz365.kz
Финалда Астана намысын қорғаған әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Шығыс Қазақстан облысының балуаны Нұрдәулет Бекеновпен кілемге шықты. Айтмұқан қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан кубогының алтын медалін иеленді. Ал Нұрдәулет Бекенов турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанып, қазақ күрес мектебінің халықаралық аренадағы беделін арттырған балуандардың бірі ретінде танылды.
Ризабек финалға дейін жартылай финалда Түркістан облысының өкілі Иманғали Қалдыбекті 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet