Қазақстан Сметовтен бөлек Қытайдағы элиталық турнирге бірнеше мықтыны қосты

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан құрамасы Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңіне қатысатындардың тізімін жариялады. 

Қазақстан Сметовтен бөлек Қытайдағы элиталық турнирге бірнеше мықтыны қосты
sportarena.kz

Дзюдошылар Циндаоға аттанады

Циндао қаласында World Judo Tour аясындағы беделді Гран-при кезеңі 26-28 маусым аралығында өтеді.  Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында мықтыларды қосты.

Бұған дейін жанкүйерлердің назары негізінен Елдос Сметовке ауған еді. Бірақ ұлттық құрама сапында одан бөлек те халықаралық аренада тәжірибесі мол бірнеше дзюдошы бар.

Ерлер құрамасы

Қазақстан ерлер құрамасы келесі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді:

60 келі:

  • Талғат Орынбасар

66 келі:

  • Ғұсман Қырғызбаев

73 келі:

  • Бақытжан Әбдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 келі:

  • Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 келі:

  • Айдар Арапов, Данил Крылов

100 келі:

  • Асқар Біржанов, Бақжан Байтас

Әйелдер құрамасы

Әйелдер арасында Қазақстан атынан мына спортшылар татамиге шығады:

48 келі:

  • Әбиба Әбужақынова

52 келі:

  • Меруерт Сәрсенова

57 келі:

  • Бақыт Құсақбаева

63 келі:

  • Есмігүл Құйылова

70 келі:

  • Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

78 келі:

  • Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева

+78 келі:

  • Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова

Турнирдің маңызы қандай?

Циндаодағы Гран-при кезеңі қазақстандық дзюдошылар үшін рейтингтік ұпай жинауға және халықаралық деңгейдегі дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік болмақ. Әсіресе Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев сынды тәжірибелі спортшылардың нәтижесі жанкүйерлер үшін ерекше қызық.