Үш боксшымыз Қытайдағы Әлем кубогының үздік ондығына енді

Бас редактор

Олар Назым Қызайбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбай.

Үш боксшымыз Қытайдағы Әлем кубогының үздік ондығына енді
Vesti.kz

Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогынан кейін ағылшын бокс сарапшысы Мэтт Робинсон турнирдің үздік он спортшысын атады. Бұл тізімге Қазақстан құрамасының үш өкілі енді. 

Авторлық рейтингке енген қазақстандықтардың барлығы Гуйяндағы жарыста алтын медаль алды. Сарапшы ең жоғары орынды екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға берді. Ол үздік үштікті түйіндеді.

Жүсіпов пен Оралбай да тізімде

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Абылайхан Жүсіпов рейтингте бесінші орынға орналасты. Әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері Гуйяндағы турнирде сенімді өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Ал Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай үздік ондықтың тоғызыншы сатысына тұрақтады. Ол 90 келіден жоғары салмақта алтын медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың жалпы нәтижесіне маңызды үлес қосты.

Рейтинг көшін Бразилия боксшысы бастады

Мэтт Робинсон нұсқасы бойынша, Қытайдағы Әлем кубогының үздік боксшысы бразилиялық Беатрис Феррейра болды. Екінші орынға Қытай өкілі Ву Ю орналасты.

Үздік төрттікте өзбекстандық белгілі боксшы Абдумалик Халоков. 

Мэтт Робинсон Қытайдағы Әлем кубогының қорытындысы бойынша мына спортшыларды үздік деп таныды:

  1. Беатрис Феррейра — Бразилия
  2. Ву Ю — Қытай
  3. Назым Қызайбай — Қазақстан
  4. Абдумалик Халоков — Өзбекстан
  5. Абылайхан Жүсіпов — Қазақстан
  6. Лоренцо Патрисио — АҚШ
  7. Исаак Око — Ұлыбритания
  8. Хуго Грау — Франция
  9. Айбек Оралбай — Қазақстан
  10. Джуниор Тада — Франция

Қазақстан құрамасының жетістігі

World Boxing Әлем кубогының Гуйяндағы кезеңі 15-21 маусым аралығында өтті. Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жектерде жүз пайыздық нәтиже тіркеді.

Қазақ боксшылары бес финалдың бәрінде жеңіске жетіп, бес алтын медаль алды. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды: 5 алтын және 3 қола.