Саламат Исбулаев - Эй Джей Макки: PFL-дің басты айқасы қашан және қайда өтеді?

Бас редактор

Қазақстандық файтердің бұл жолғы қарсыласы америкалық Эй Джей Макки. 

Саламат Исбулаев - Эй Джей Макки: PFL-дің басты айқасы қашан және қайда өтеді?
pin-upsport.kz

Қазақстандық файтер Саламат Исбулаев PFL лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұған дейін жеңіліс көрмеген отандасымыз америкалық Эй Джей Маккиге қарсы шығады. 

Жекпе-жек 28 маусым, жексенбі күні таңертең АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша шамамен 08:20-да басталады деп жоспарланған. Бұл айқас PFL турнирінің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Саламат Исбулаев PFL-дегі екінші айқасына шығады

Қазақстандық файтер үшін бұл PFL промоушеніндегі екінші жекпе-жек болады. Исбулаев кәсіби ММА-да әлі жеңіліп көрмеген. Оның рекорды — 10 жеңіс, 0 жеңіліс.

Соңғы кездесуін Саламат ақпан айында өткізді. Ол перулік Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңіп, промоушендегі дебютін сәтті бастаған болатын. 

Қарсыласы — тәжірибелі Эй Джей Макки

Исбулаевтың бұл жолғы қарсыласы — америкалық Эй Джей Макки. Оның кәсіби рекорды — 24 жеңіс, 2 жеңіліс.

Макки PFL лигасында бұған дейін төрт жекпе-жек өткізіп үлгерген. Промоушендегі көрсеткіші — 3 жеңіс, 1 жеңіліс.

Америкалық файтер соңғы рет наурыз айында октагонға шықты. Ол венгриялық Адам Боричті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.