Қазақ боксшысы Азия чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Едіге Нұрғожа Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.

Қазақ боксшысы Азия чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)
фото ашық дереккөздерден алынды

Қарсыласы екі рет нокдаунға ұшырады

Қазақстан U-19 құрамасының өкілі Едіге Нұрғожа 2026 жылғы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Индонезия астанасы Джакартадағы құрлықтық додада отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық кездесу өткізді.

Бұл жекпе-жекте Нұрғожа тәжікстандық Бахтовар Усмоновпен қолғап түйістірді. Кездесудің басынан-ақ белсенді қимылдап, қарсыласына қысым жасады.

Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды

Нұрғожа екінші раундта айқын басымдық танытып, Бахтовар Усмоновты екі мәрте нокдаунға түсірді. Осыдан кейін рингтегі төреші кездесуді жалғастыру қауіпті деп тауып, жекпе-жекті тоқтатты.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада 16 шілдеге дейін жалғасады. Бұл додаға Қазақстан атынан ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санатында жалпы 39 боксшы қатысып жатыр.