Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирді үш жүлдемен аяқтады

Спорт шолушысы

Еркін және грек-рим күресінен Коджаэлиде өткен халықаралық турнирде ұлттық құрама қоржынына екі күміс және бір қола түсті.

Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирді үш жүлдемен аяқтады
Olympic.kz

Грек-рим күресіндегі күміс жүлде

Грек-рим күресі бойынша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақытжан Қабдыл турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Еркін күресте 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алан Оралбек күміс медаль жеңіп алды. Ал 79 келіге дейінгі салмақта белдескен Диас Сағдатов қола жүлдеге ие болды.

Турнирге 24 елдің балуандары қатысты

Айта кетейік, Коджаэлидегі халықаралық турнирге 24 мемлекеттен 433 спортшы қатысып, әртүрлі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.