Головкиннен "таяқ жеген" экс-әлем чемпионы 40 жасында боксқа оралды
Британиялық бұрынғы әлем чемпионы, кезінде Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан Келл Брук кәсіпқой боксқа қайта оралатынын растады.
Келл Брук рингке қайта шықпақ
Келл Брук соңғы рет 2022 жылдың ақпанында жұдырықтасқан. Содан бері рингке шықпаған боксшы мансабын қайта жалғастыруға шешім қабылдады.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметке сәйкес Бруктың камбэктен кейінгі ықтимал қарсыластарының бірі — отандасы Крис Юбэнк-кіші болуы мүмкін.
Головкин бесінші раундта тоқтатқан
Қазақстандық жанкүйерлер Келл Брукты Геннадий Головкинмен болған жекпе-жегі арқылы жақсы біледі.
Қос боксшы 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Лондонда кездескен. Сол жекпе-жекте GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Нәтижесінде Головкин орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды.
Келл Бруктың кәсіпқой рингтегі әзірге соңғы кездесуі 2022 жылдың ақпанында өтті. Ол сол жекпе-жекте тағы бір танымал британиялық Амир Ханды алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Енді төрт жылға жуық үзілістен кейін Бруктың кәсіпқой боксқа қайта оралуы күтіліп отыр.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.