ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

"Ұлы есімдердің бірі". Головкин Еуропа чемпионатына арнайы қонақ ретінде барды

Турнир 17 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

"Ұлы есімдердің бірі". Головкин Еуропа чемпионатына арнайы қонақ ретінде барды
olympic.kz

World Boxing президенті әрі кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Болгария астанасы Софияға барды. Мұнда 17-25 қыркүйек аралығында бокстан Еуропа чемпионаты өтеді.

Болгария бокс федерациясы Головкиннің ұйым президенті Красимир Ининскимен түскен суретін Instagram парақшасында жариялады.

"Әлем боксы тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі"

Болгария бокс федерациясы қазақстандық боксшыны ерекше атап өтті.

"Әлем боксы тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі – Геннадий Головкин (GGG) Софияға келді. Аты аңызға айналған чемпион әрі World Boxing президенті Болгария бокс федерациясының президенті Красимир Ининскидің арнайы қонағы болды", – делінген федерация хабарламасында.

Сонымен қатар Головкин ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Іс-шара Софиядағы "Асикс" аренасында өтеді.

Турнирге 400-ден астам боксшы қатысады

Софиядағы жарыс European Boxing ұйымы өткізетін алғашқы Еуропа чемпионаты болмақ.

Медальдар үшін 40 ұлттық федерациядан 400-ден астам боксшы сынға түседі.

Турнир 17 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Головкин World Boxing ұйымын басқарады

Геннадий Головкин қазір World Boxing президенті қызметін атқарады.

Кәсіпқой рингте GGG орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы атанып, Қазақстан боксының ең танымал өкілдерінің біріне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?