Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Зейнеп Баянова әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Астанада күрестен 2026 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Зейнеп Баянова әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Зейнеп Баянова елордада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жанкүйерлерді қуантты. Ол қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде 2025 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Наталья Варакинамен (Беларусь) кездесті.

Тартысты өткен белдесуде Баянова 6:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп отандасымыз өз елінде ұйымдастырылған әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Зейнеп әлем чемпионатындағы алғашқы белдесулерін сәтті өткізді. Ол жарыс барысында өзбекстандық Ақтеңге Кеунимжаева мен Моңғолия балуаны Отгонжаргал Долгоржавты жеңді. Бірақ жартылай финалда үндістандық Ниламға 3:7 есебімен жол беріп, алтын медаль үшін күресті жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

Зейнеп Баянова кім?

23 жастағы Зейнеп Баянова – Қазақстан әйелдер күресінің үздік өкілдерінің бірі. Ол 2003 жылғы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауылында дүниеге келген.

Негізгі жетістіктері:

- 2019 жыл – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
- 2022 жыл – 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2023 жыл – 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2023 жыл – 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері;
- 2024 және 2025 жылдар – 23 жасқа дейінгі Азия чемпионаттарының қола жүлдегері;
- 2025 жыл – ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
- 2025 жыл – Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері;
- 2026 жыл – Мұхамет Мало атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы;
- 2026 жыл – Азия ойындарының қола жүлдегері;
- 2026 жыл – Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Зейнеп Баянова – Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?