Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" қашан айқасатынын атады

Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында WBO әлем чемпионы атағы үшін Данияның Хорсенс қаласында Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) кездеседі.

Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" қашан айқасатынын атады
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта чемпиондық белбеулерді біріктіру үшін 2027 жылдың мамырында үлкен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Ол X әлеуметтік желісінде Сауль "Канело" Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы кездесудің постерін жариялап, осы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуға ниетті екенін білдірді.

"Мамырда белбеулерді біріктіргім келеді"

Әлімханұлы алдымен WBO чемпионы атануды көздеп отыр.

"Қаңтарда мен екінші орта салмақта чемпиондық белбеудің иесі боламын. Мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесіп, титулдарды біріктіргім келеді", – деп жазды Жәнібек.

"Канело" Альварес пен Кристиан Мбилли 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында кездеседі. Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Ал Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) кездеседі.

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Әлімханұлы үшін бұл жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесу болмақ.

Допинг дауына байланысты жекпе-жек өтпей қалды

2025 жылдың соңында Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықталып, Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды.

2026 жылдың ақпанында WBO қазақстандық боксшыны 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап бір жылға шеттетті. Наурызда IBF міндетті титул қорғауын өткізе алмауына байланысты оны чемпиондық белбеуден айырды.

Кейін WBO талап етілген шарттар орындалған соң дисквалификацияны мерзімінен бұрын тоқтатты. Әлімханұлының шеттетілуі 2026 жылдың 10 шілдесінде аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?