Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы ӘЧ-да қарсыласын ойсырата жеңді

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы ӘЧ-да қарсыласын ойсырата жеңді
Спортты дамыту дирекциясы

Қарсыласына мүмкіндік қалдырмады

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинмен белдесті. Қазақстандық балуан бозкілемде алғашқы сәттерден-ақ басымдық танытып, қарсыласына өз күресін жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде Қайпанов 11:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ұпай айырмашылығының басымдығына байланысты төрешілер белдесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

Әлем чемпионатының жартылай финалында

Осы жеңістің арқасында Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем біріншілігінің үздік төрт балуанының қатарына енді.

Енді қазақстандық бозкілем шебері финал жолдамасы үшін күреседі. Алдағы белдесуде жеңіске жетсе, әлем чемпионатының алтын медалі үшін таласуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 2026 жылғы күрестен әлем чемпионаты Қазақстанның елордасы Астанада өтіп жатыр. Дүбірлі додада әлемнің үздік балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделерді сарапқа салуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?