Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елеусінов өзбек боксшысын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзбекстандық Шохжахон Эргашевпен шаршы алаңда кездесуге ниетті.

Елеусінов өзбек боксшысын жекпе-жекке шақырды
instagram/yeleussinovdaniyar/

Промоушеннің баспасөз қызметі жариялаған мәлімдеме Елеусінов Эргашевпен жұдырықтасуға дайын екенін ашық айтты.

"Маған дәл осы сайқымазақты беріңдер. Басқа келісімшарттар маған маңызды емес, жекпе-жекке шығамын. Ең бастысы, тиісті соманы төлеңдер", – деді қазақстандық боксшы.

Елеусіновтің мәлімдемесінен кейін өзбекстандық боксшы жауапсыз қалмады.

"Жүр, осы жекпе-жекті ұйымдастырыңдар. Мен қуана-қуана жұдырықтасамын. Менің болжамым бойынша ол менімен жекпе-жекке шықпайды", – деп Эргашеа әлеуметтік желідегі парақшасында жауап қайтарды.

Бұған дейін Шохжахон Эргашев желтоқсан айының басында Алматыда өтетін IBA Nomad турнирінде рингке оралатынын мәлімдеген еді. Өзбекстандық боксшы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізген. Оның бұл мәлімдемесіне қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан да жауап берді.

"Шоу керек пе? Мен дайынмын", – деді Төрехан.

Шохжахон Эргашев соңғы жекпе-жегін 17 қазанда Ташкентте IBA Nomad турнирінде өткізді. Ол қазақстандық Дастан Бекенді төрешілердің шешімімен жеңген еді. Айта кетейік, бұл жекпе-жек бокстың ережесі бойынша ММА қолғаптарымен өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?