Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандықтың Дана Уайт лигасындағы келесі жекпе-жегі жарияланды

Айқас 6 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Power Slap 26 турнирі аясында өтеді. 

Қазақстандықтың Дана Уайт лигасындағы келесі жекпе-жегі жарияланды
stan.kz

Қазақстандық спортшы Закир Найманбаевтың Power Slap лигасындағы келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды.

Ол 6 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Power Slap 26 турнирінде америкалық Уэс Менамен кездеседі.

Жекпе-жек турнирдің негізгі оқиғаларының бірі болады

Найманбаев пен Мена арасындағы бәсеке кештің қосалқы басты жекпе-жегі ретінде өтеді.

Қазіргі таңда Закир Найманбаев Power Slap ауыр салмақ рейтингінде үшінші орында тұр. 

Ал оның америкалық қарсыласы Уэс Мена дивизион рейтингінің сегізінші сатысында орналасқан.

Ауыр салмақ чемпионы – Дэмьен Диббелл

Power Slap ауыр салмақ дәрежесінің қазіргі чемпионы – АҚШ өкілі Дэмьен Диббелл. Сондықтан рейтингтің үздік үштігіне кіретін Найманбаев үшін алдағы кездесу дивизиондағы позициясын нығайту тұрғысынан маңызды болмақ.

Айта кетейік, Power Slap промоушенін 2023 жылы UFC президенті Дана Уайт ұйымдастырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?