Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі позициясын жоғалтты

Бір жыл бұрын ғана қазақстандық дзюдошы рейтингінің көшін бастап тұрған еді. 

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі позициясын жоғалтты
sport-hub.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде бір саты төмендеді.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қазір 21-орында тұр. Айта кетейік, Әбужақынова 2025 жылдың соңында осы салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингте көш бастаған еді.

Әбужақынованың еншісінде 2078 ұпай бар

Жаңартылған рейтинг бойынша Абиба Әбужақынова 2078 рейтингтік ұпай жинаған. Соңғы өзгерістен кейін ол бір сатыға төмендеп, үздік жиырмалықтан тыс қалды.

48 келіге дейінгі салмақта рейтинг көшін жапониялық Вакана Кога бастап тұр. Оның еншісінде 5750 ұпай бар.

Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова – 4793 ұпай, ал үшінші сатыда франциялық Ширин Букли – 4765 ұпай.

Бір жыл бұрын рейтинг көшбасшысы болған

Абиба Әбужақынова 2025 жылдың қорытындысында 48 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің бірінші орнында тұрған. Алайда кейінгі нәтижелер оның рейтингтегі жағдайына әсер етіп, қазақстандық дзюдошы 21-орынға дейін төмендеді.

Әбужақынованың соңғы халықаралық жарысы 2026 жылы Бакуде өткен әлем чемпионаты болды.

Қазақстандық спортшы 4 қазанда алғашқы айналымда Түркия өкілі Мерве Азакпен кездесіп, жеңіліп қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?