Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Оралда Қазақстан чемпионаты өтеді: Қайпанов пен Айтмұқан турнир афишасына шықты

Оралда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. 

Оралда Қазақстан чемпионаты өтеді: Қайпанов пен Айтмұқан турнир афишасына шықты
instagram/@kazwrestling_official

Қазақстан чемпионаты қашан және қайда өтеді?

Елдің үздік балуандары 1-7 желтоқсан аралығында Оралда бас қосады. Жеті күнге созылатын додада Қазақстанның барлық өңірінен келген бозкілем шеберлері бақ сынап, 30 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағын сарапқа салады.

Жарысқа грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің өкілдері қатысады.

Қазақстан құрамасының 2027 жылғы құрамы анықталады

Биылғы чемпионаттың маңызы ерекше. Себебі жарыс қорытындысы бойынша 2027 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының сапына енетін балуандар анықталады.

"Жеті күн бойы еліміздің барлық өңірінен келген мықты балуандап 30 салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа таласады. Турнир нәтижесінде 2027 жылғы ұлттық құраманың құрамы жасақталады. Сондықтан жанкүйерлерді тартысты әрі қызықты белдесулер күтіп тұр", – делінген Қазақстан күрес федерациясының ресми хабарламасында.

Қайпанов, Айтмұқан және Бақбергенова афишада

Қазақстан күрес федерациясы алдағы жарыстың ресми афишасын жариялады.

Онда елдің белгілі балуандары Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұқан, Жәмила Бақбергенова және Зейнеп Баянова бейнеленген.

Аталған балуандардың афишадан орын алуы жанкүйерлердің турнирге деген қызығушылығын арттыра түсті. Дегенмен олардың жарысқа қатысатыны туралы жеке ресми растау әзірге келтірілген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?