Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Марсель ММА тәжірибесі жоқ өзбекстандық блогермен жұдырықтасады

Қырғызстандық танымал файтер Марсель Нұрланбек уулудың (16-0) Hype Fighting турниріндегі қарсыласы белгілі болды. 

Марсель ММА тәжірибесі жоқ өзбекстандық блогермен жұдырықтасады
instagram/@nurlanbek_uulu_marsel

Марсельдің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Промоушеннің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жекпе-жек 14 қарашада Ереванда ұйымдастырылады. Қарсыластар ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша жұдырықтасады.

Бір қызығы, Марсельдің қарсыласы Зуфар Жалолдинов бұған дейін медиа жекпе-жектерге қатыспаған. Өзбекстандық блогер негізінен воркаут және фитнеспен айналысып, әлеуметтік желілердегі белсенділігі арқылы танылған.

Марсель соңғы кездесуін нокаутпен аяқтаған

Қырғызстандық файтер кезекті жекпе-жегіне жеңіліссіз көрсеткішпен шығады. Оның кәсіби ММА-дағы еншісінде 16 жеңіс бар.

Марсель соңғы рет 17 қазанда Ташкентте ұйымдастырылған IBA Nomad 16 турнирінде өнер көрсетті. Сол кеште өзбекстандық Самандар "Танк" Реимбаевпен кездесіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек те ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өткен болатын.

Енді жеңілістің кермек дәмін татпаған қырғызстандық файтер Ереванда кәсіпқой жекпе-жек тәжірибесі жоқ блогерге қарсы шаршы алаңға шықпақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?