Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрхан Жұмағазы RIZIN-дегі сыйақы жайлы айтты

Өткен демалыста Нұрхан Жұмағазы оңтүстіккореялық Кёнг Пхё Кимді бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Нұрхан Жұмағазы RIZIN-дегі сыйақы жайлы айтты
sport-hub.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы жапониялық RIZIN лигасындағы спортшылардың гонорарына қатысты пікір білдірді.

Жұмағазының айтуынша, RIZIN спортшыларының қанша табыс табатыны ашық көрсетілмейді. Бұл туралы ол sports.kz берген сұхбатында айтты. 

"Лига файтерлерінің келісімшарттарындағы қаржылық шарттар көпшілікке жарияланбайды", – деді қазақстандық спортшы.

Осылайша, RIZIN-дегі жекпе-жек үшін төленетін нақты гонорар көлемі ресми түрде ашық айтылмайды.

RIZIN-де үшінші жеңісіне жетті

Өткен демалыста Нұрхан Жұмағазы оңтүстіккореялық Кёнг Пхё Кимді бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Бұл қазақстандық файтердің RIZIN промоушеніндегі қатарынан үшінші жеңісі болды. Сонымен қатар Жұмағазы кәсіби ММА-дағы жеңісті сериясын жеті жекпе-жекке жеткізді.

Соңғы жеті жекпе-жектің бесеуін бірінші раундта аяқтаған

Нұрхан Жұмағазы соңғы жеті кездесуінің бесеуінде қарсыласын бірінші раундта тоқтатқан.

Оның кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісі 2024 жылдың шілдесінде тіркелген. Содан бері қазақстандық файтер өткізген барлық жекпе-жегінде жеңіске жетіп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?