Соболенконы жеңген теннисшінің қолтаңбасы рекорд орнатты
Ресейлік теннисші Мирра Андрееваның қолтаңбасы қойылған коллекциялық карточка аукционда 20 500 долларға (9,1 млн теңге) сатылды.
Аукционға шығарылған карточка бір ғана данада жарық көрген. Карточкада Андрееваның жеке автографы мен өз қолымен жазған "I want to thank myself" ("Мен өзіме алғыс айтқым келеді") деген жазу бар.
Бұған дейін теннисшінің қолтаңбасы қойылған сирек карточкалар аукциондарда 1000-2000 доллар аралығында сатылса, бұл жолы құны 20 500 долларға жетіп, жаңа рекорд орнатты.
Әйелдер теннисіндегі коллекциялық сыйлықтар арасындағы рекорд 2022 жылы аукционда 266 400 долларға сатылған карточка америкалық Серена Уильямсқа тиесілі.
WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты
Мирра Андреева 2026 жылғы WTA қорытынды турнирінде де нәтижелі өнер көрсетіп жатыр. Топтық кезеңнің екінші турында ол әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 6:0 есебімен жеңді.
Кездесудің алғашқы партиясында 1:4 есебімен жеңіліп жатқан Андреева кейін қатарынан 11 геймде жеңіске жетті. Осы нәтижесінің арқасында 19 жастағы теннисші өз тобында бірінші орын алып, сайыстың жартылай финалына жолдама алды.