Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші мен словениялық Вероника Эрьявец Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық-словениялық жұп австралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнды екі сетте 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.
Жартылай финалға шыққаны үшін Құламбаева мен Эрьявец жұбы 2600 доллар сыйақы алады. Сонымен қатар әр теннисші рейтинг қоржынына 49 ұпайдан қосады. Ал турнир жеңімпаздары 6000 долларды өзара бөлісіп, әрқайсысы 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Финалға жолдама үшін қазақстандық-словениялық жұп Рашида Макаду мен Анна Роджерске (АҚШ) қарсы ойнайды. Америкалық дуэт ширек финалда бельгиялық София Костулас пен жерлестері Аллура Замаррипаны жеңген.
Бұл туралы не ойлайсыз?