Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Загребте Қазақстанның үш дзюдошысы алтын үшін күреседі

Ғалия Тынбаева, Аман Бақытжан және Нұрқанат Серікбаев Хорватия астанасындағы Гран-приде алтын медаль үшін белдеседі. 

Загребте Қазақстанның үш дзюдошысы алтын үшін күреседі
коллаж penalty.kz

Ғалия Тынбаева әлем чемпионымен кездеседі

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғалия Тынбаева жартылай финалда австриялық Жаклин Шпрингерді жеңді. Қазақстандық дзюдошы қарсыласынан "юко" ұпайымен басым түсті.

Енді Тынбаева шешуші белдесуде 2025 жылғы әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттомен алтын медальді сарапқа салады.

Аман Бақытжан Олимпиада жүлдегерімен күреседі

60 келі салмақта өнер көрсеткен Аман Бақытжан да финалға сенімді қадам басты. Ол жартылай финалда словениялвқ Давид Старкельден екі "юко" ұпайымен басым түсті.

Алтын медаль үшін айқаста қазақстандық татами шебері Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қытайлық Тайбэй намысын қорғайтын Ян Юнвэймен кездеседі.

Нұрқанат Серікбаев та алтынға таласады

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев жартылай финалда италиялық Валерио Аккольиді тізе бүктірді. Отандасымызға жеңіс әкелген шешуші әдіс "ваза-ари" ұпайымен бағаланды.

Финалда Серікбаев Бразилия құрамасының дзюдошысы Роналд Лимамен белдеседі.

Осымен Загребтегі Гран-приде Қазақстанның үш өкілі финалға шығып, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті. Алтын медаль үшін белдесулер Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?