Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Айтмұқанды жеңген Садулаев миллион рубль алды

Ресейлік еркін күрес шебері Абдулрашид Садулаевқа Астанадағы әлем чемпионатында жеңіп алған қола медалі үшін бір миллион рубль сыйақы табысталды.

Айтмұқанды жеңген Садулаев миллион рубль алды
instagram/@kazwrestling_official

Сыйақы берілді

Каспийск қаласында әлем чемпионатында жүлде алған ресейлік балуандар мен олардың бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оларды Дағыстанның спорттық күрес федерациясының президенті Омар Муртузалиев пен республиканың спорт министрі Сажид Сажидов құттықтады.

Жүлдегерлерге медаліне қарай мынадай сыйақы берілді:

  • алтын медаль үшін — 3 миллион рубль;
  • күміс медаль үшін — 2 миллион рубль;
  • қола медаль үшін — 1 миллион рубль.

Осылайша Садулаев бір миллион рубль иеленді. Бұл — шамамен 5,6 миллион теңге. Әлем чемпиондарын дайындаған бапкерлер де ақшалай марапатқа ие болды.

Ризабек Айтмұқанмен белдесуі қалай аяқталды?

Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өткен әлем чемпионатында Садулаев 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Іріктеу кезеңінде оның қарсыласы 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан болды. Белдесу ресейлік балуанның пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық спортшы алғашқы кездесуінен кейін негізгі жарыс кестесіндегі күресін тоқтатты.

Ширек финалда Садулаев америкалық Кайл Снайдермен есеп 4:4 болғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіліп қалды. Снайдердің финалға шығуы оған жұбаныш белдесулеріне қатысуға мүмкіндік берді.

Садулаев алдымен түркиялық Алперен Токгёзді жеңді. Ал қола медаль үшін күресте польшалық Збигнев Барановскийден 5:0 есебімен басым түсті.

30 жастағы Абдулрашид Садулаев — екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы және Еуропа біріншілігінің бес дүркін жеңімпазы.

Бұл туралы не ойлайсыз?