Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Чиангмайдағы бокстан Азия чемпионатында қазақ және өзбек боксшылары үстемдік танытуда.
Қазақстан мен Өзбекстан ерлер құрамасы Таиландтағы байрақты бәсекеге түрлі көңіл-күймен келді. Біздің командаға Париждегі сәтсіздіктен кейін көп нәрсе дәлелдеуге тура келді. Ал өзбек ұжымы керісінше екінші нөмірлі боксшыларға таңдау жасады.
Азия біріншілігіне олимпиадада бокстасқан жеті өзбектің біреуі ғана келді. Парижде Тұрарбек Хабибулаев 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалға дейін жеткен. Ал Хасанбой Дусматов, Абдумәлік Халоков, Асадхуджа Муйдинхуджаев, Ләзизбек Муллажонов әлі демалыста болса, Баходир Джалолов кәсіпқой боксқа ден қойды.
Қазақстанда бапкерлер құрамы ауысқанда Шымкентте кіл мықтылардык турнирі өткен. Сол жарыстағы жеңімпаздардың дені Чиангмайға жолдама алды.
Қрлықтық чемпионатта Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы есеп әзірге 2:2. Сағындық Тоғамбай Мадияр Саидрахимовтен басым түссе, Айбек Оралбай Джахонгир Зокировті айқын басымдықпен жеңді. Өз кезегінде көршілеріміз Сәкен Бибосынов пен Ерасыл Жақпековті үйлеріне қайтарды.
Оған қоса өзбек командасы жартылай финалға жолдама алған боксшылар (11—10), сонымен қатар финалға шыққандар саны бойынша (10—9) бізден озып кетті.
Енді 11 желтоқсанда кімнің медальдар саны бойынша үздік шығатыны белгілі болады.