Дана Уайттың жаңа лигасы: Елеусіновтің қанша табыс табатыны белгілі болды
Отандасымыз бір жекпе-жектен 750 мың долларға дейін табыс табуы мүмкін.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайт құрған жаңа бокс лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде кемінде 10 миллион теңге табыс табады. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады.
Жаңа лигада боксшылар әр бес ай сайын жекпе-жек өткізіп, кез келген нәтиже үшін кепілдендірілген сыйақы алады. Ол қарсыластың деңгейіне қарай өсіп отырады.
Төлем жүйесі:
- 10 раундтық жекпе-жек (рейтингі жоқ қарсылас) – 20 мың доллар (10 млн теңге);
- Рейтингі 5-10 орын арасындағы қарсылас – 50 мың доллар;
- Рейтингі 3-4 орын арасындағы қарсылас – 125 мың доллар;
- "Компания" чемпионы атағы үшін жекпе-жек – 375 мың доллар;
- Титулды қорғау жекпе-жегі – 750 мың доллар.
Елеусіновтің жаңа лига туралы пікірі
Данияр Елеусинов – жаңа лигада өнер көрсететін алғашқы қазақстандық боксшы. Ол бұл келісімшарттың өзіне тиімді екенін атап өткен болатын.
"Маған бұл жобаның керемет идея екенін айтты. Толық мәлімет жекпе-жек жақындағанда белгілі болады. Бұл жай ғана бизнес-жоба емес, боксты қызықты ету үшін жасалып жатыр. Яғни, ең мықтылар бір-бірімен кездесетін алаң болады. Әркім әртүрлі ұйымдарда жұдырықтасып, жан-жаққа шашырамайды", – деді Елеусінов.
Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және кәсіби рекорд
Данияр Елеусинов – әзірге Қазақстанның соңғы Олимпиада чемпионы. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
Кәсіби бокстағы жетістіктері:
- 12 жекпе-жек – 12 жеңіс (6 нокаут);
- 2021 жылы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды;
- Мансабында үзіліс жасап, чемпиондық белбеуінен бас тартты.
Соңғы жекпе-жегі неге өтпей қалды?
28 ақпанда Астанада өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке Данияр Елеусінов шықпай қалды. Боксшының командасы белгісіз себептермен жекпе-жектің болмайтынын айқасқа бір күн қалғанда ғана мәлімдеді. Кейін боксшы кешірім сұраған болатын.
Енді Данияр жаңа лигада өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізбек. UFC басшысы Дана Уайт ұйымдастырып отырған промоушеннің алғашқы турнирі 2026 жылы өтеді.