Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Азия чемпионатында Айтмұхан мен Тажудинов арасындағы суперкездесу болмайды

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 11:54

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудинов жарақатына байланысты Азия чемпионатынан бас тартты.

sportburo.kz
sportburo.kz

Азия, әлем және Азия ойындарының қазіргі чемпионы, Париж Олимпиадасында топ жарған Ахмед Тажудинов Амманға келіп, чемпионатқа қатысуға дайындалған. Бірақ иығындағы жарақатқа байланысты жарыстан бас тартуға мәжбүр болды.

Ахмед бұл туралы өз парақшасында былай деп жазды:

"Өзімді жақсы сезіндім, форма да жаман емес еді. Азия чемпионатына қатысқым келді. Бірақ бүгінгі жаттығуда бапкерім иығымның толық дайын еместігін айтты. Сондықтан тәуекелге бармауға шешім қабылдадық. Өкінішке қарай, бұл турнирді өткізіп аламын. Барша қатысушылар мен Бахрейн құрамасындағы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Жақын арада қайта кездесеміз."

Еске салсақ, Тажудинов Париж Олимпиадасының алғашқы белдесуінде иығынан жарақат алып, жарысты ауыр жағдайда жалғастырған еді. Финалдан кейін ол Швейцарияда операция жасатып, содан бері ресми жарыстарға қатыспаған.

Айтмұхан мен Тажудинов тек жартылай финалда жолығуы мүмкін еді

Азия чемпионатының жеребесі бойынша, Ризабек Айтмұхан мен Ахмед Тажудинов тек жартылай финалда жолығуы мүмкін болатын. Бұл жекпе-жек көрермендер үшін басты қызығушылықтардың бірі еді.

Былтыр финалда дәл осы екі балуан кездесіп, Ахмед Тажудинов жеңіске жетті. Ол кезде Ризабек 97 келі салмақ дәрежесіне енді ғана ауысқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір