
Танымал ресейлік ММА ардагері Александр Емельяненко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, жанкүйерлерін қуантты.
Бел омыртқасындағы мәселелер салдарынан аяқтары уақытша жұмыс істемей қалған спортшы қазір қарқынды оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
“Күн сайын жағдайым жақсарып келеді. Маған көмектесіп жатқан дәрігерлерге алғысым шексіз. Әзірше жүре алмаймын, арбада қозғаламын. Бірақ күн сайын жаттығу жасап, біртіндеп аяққа нық тұрып келемін. Қазір бар назарымды қалпына келуге арнадым. Дәрігерлер оң болжам айтып отыр – үміт бар, нәтиже бар. Ал спорттық мансабыма келсек, дәрігерлердің кеңесіне қарамастан, мен оны жалғастыруға ниеттімін”, — деп жазды Александр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дәрігерлердің оң пікіріне қарамастан, Александр Емельяненко мансабын аяқтау туралы ойламайтынын ашық айтты. Бұл — тек спортшының қайсарлығын ғана емес, сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына жауап ретінде қабылданды. Ол октагонға оралу үшін бар күшін салып жаттығып жатыр.