Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жаңа рекорд! Ангелина Лукас ел тарихында болмаған жетістікке жетті!

Редактор Penalty.kz
01.04.2025, 19:00

Әлемдік рейтингте отандасымыз үздік 6 боксшы қатарына енді. 

Ulyssport.kz
Ulyssport.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас BoxRec+ әлемдік рейтингінде 6-орынға көтерілді. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. 

Тарихта алғаш рет – ТОП-6

Ангелина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, бұл нәтижеге жету жолы оңай болмағанын жеткізді: 

«Әлемдік рейтингте 6-шы орынға шықтым. Бұл – Қазақстан әйелдер кәсіпқой боксындағы алғашқы оқиға», – деп жазды спортшы.

Бұдан бөлек, былғары қолғап шебері жуырда Гиннес рекордттар кітабына енуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Себебі отандасымыз 21 күнде қатарынан 3 жекпе-жек өткізген. 

Жеңісті жол: IBA чемпиондар түні

2024 жылдың басында Ангелина Лукас «IBA чемпиондар түні» аясында нигериялық Айисат Орийомимен жекпе-жек өткізіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.

  • Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланғанымен,
  • 4-раундтан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Бұл жеңіс рейтингке әсер етіп, Ангелинаның кәсіби жолында үлкен серпіліс болды.

BoxRec+ рейтингі туралы

BoxRec+ – кәсіпқой боксшылардың әлемдік рейтингісін анықтайтын беделді платформа. Мұнда тек жекпе-жек нәтижелері ғана емес, қарсыластардың деңгейі мен мансап траекториясы да есепке алынады.

Айта кетейік, Ангелина Лукас бүгінгі таңда Қазақстанның кәсіпқой бокстағы әйелдер арасындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізген боксшысы атанды. Бұл жетістік тек жеке жеңіс емес, қазақ әйелдер боксының халықаралық деңгейдегі беделінің артуы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 12
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір