Баходир Джалолов Астанаға аттанды

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстанның кәсіби бокс федерациясы хабарлағандай, Баходир Джалолов пен Отабек Холматов жаттықтырушыларымен бірге Қазақстанға жол тартты. Олар 5 сәуірде Астанада өтетін халықаралық бокс кешінде өнер көрсетпек.

Баходир Джалолов Астанаға аттанды
sputniknews.ru

Бокс кешінің басты айқасы – орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 KO) француз Ануаэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) өтетін титулдық жекпе-жегі болмақ.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) бұл кеште украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 КО) айқасады. Джалолов – нағыз нокаут шебері, оның әрбір жеңісі уақытынан бұрын аяқталған. 

Ал Отабек Холматов өз кезегінде жартылай жеңіл салмақта филиппиндік Джейсон Кано Манигоспен (30-12-2, 20 КО) жұдырықтасады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір