Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Барлық жаңалықтар

Футбол

Зайнутдиновке Еуропадағы 55 дүркін чемпионы қызығушылық танытты

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов еуропалық топ-чемпионат клубтарының назарында.

Хоккей

«Барыс» өз айдынында ауыр жеңіліске ұшырады

Астананың «Барысы» ҚХЛ-дың кезекті ойынында өз алаңында Омбының «Авангардына» қарсы ірі есеппен жеңілістің ащы дәмін татты.

Жекпе-жек

Әлімханұлының салмағындағы чемпион нокаутпен ұтылды

АҚШ боксшысы Вито Мельницки-кіші (22-1-1, 14 KO) Эр-Риядтағы кеште орта салмақтың WBO Global вакантты белбеуін жеңіп алды. Ол осыған дейін жеңілмеген нигериялық Сэмюэл Нмомаға (21-1, 5 KO) тосқауыл қойып, техникалық нокаутпен жеңісті қоржынға салды.

Жекпе-жек

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі «Grand Slam» турниріне аттанады

Қазақстан құрамасының лидері, JENYS клубының капитаны Әбиба Әбужақынова дзюдодан Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне жол тартады. Онымен бірге ұлттық құраманың басқа да жұлдызды спортшылары аттанбақ.

Футбол

Қазақстандық миллиардердің клубы 88-минутта жеңісті жұлып алды

Ағылшын футболындағы үшінші деңгейлі дивизион — League One аясында өткен 17-тур матчында қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе иелік ететін «Уиком Уондерерс» клубы драмалық жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Геннадий Головкин – World Boxing ұйымының жаңа президенті

23 қарашада Қазақстан өкілі алғаш рет әлемдік спорт құрылымын басқару құқығына ие болды. Бұған дейін қазақстандық мамандар түрлі халықаралық федерацияларда вице-президент деңгейінде ғана еңбек еткен еді.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек ауыр жеңіліспен аяқталды

АҚШ-тың Лонг-Бич қаласындағы Thunder Studios аренасындағы бокс кешінің басты айқасында WBO нұсқасы бойынша екінші ең жеңіл салмақтағы (52,2 кг) әлем чемпионы Мидзуки Хирута (10-0, 2 KO) мексикалық Глория Гальярдоны (16-4-3, 7 KO) сенімді түрде ұтып, белбеуін қорғады.

Теннис

18 жастағы қазақ теннисші алғашқы жеке титулын жеңіп алды

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы жеке трофейін иеленді.

Хоккей

Қазақстандық хоккейшілер Азия чемпионы атағын қорғады

Бейжіңде өткен құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы Азияның үздік командасы атағын қайта қорғады. Шешуші ойында біздің жігіттер Жапонияны 4:3 есебімен ұтты.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов UFC-де кіммен кездеседі? Есімдер белгілі болды

ММА туралы жазатын ресейлік журналист Игорь Лазорин ирландиялық Иэн Гэрридің жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы америкалық Белал Мухаммадты жеңуіне қатысты пікір білдіріп, сондай-ақ қазақстандық Шавкат Рахмоновтың титул жолындағы рөліне баға берді.

Жекпе-жек

Илия Топурия бауырының Бекзат Алмаханға қарсы жеңісін бағалады

Естеріңізге салсақ, Бекзат Алмахан Илия Топурияның ағасымен октагонда кездескен болатын.

Жекпе-жек

АҚШ сарапшысы: «Головкин ешқашан аңыздар қатарына кірген емес»

Америкалық танымал жаттықтырушы және бокс сарапшысы Тедди Атлас орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (GGG) карьерасына қатысты өз сыни пікірін білдірді.

Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Чемпиондар лигасында қола жүлде иеленді

Сербия астанасы Белградта дзюдодан клубтар арасындағы Чемпиондар лигасы аяқталды. Бұл турнир футбол додасы секілді дзюдо спортынан ұйымдастырылатын беделді командалық жарыс саналады.

Футбол

Шымкентте ақша бітті: "Ордабасы" бапкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмаған

Өткен маусымда "Ордабасы" еурокубокте нашар өнер көрсетіп, чемпионатта үздіктер қатарына кіре алмады.

Жекпе-жек

Головкиннің «шәкірті» жойқын соққылармен чемпиондық белбеуді қорғады

ANB Arena (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы) алаңындағы басты бокс кешінде WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы (79,4 кг дейін) әлем чемпионы, америкалық Дэвид Бенавидес (31-0, 25 KO) көп мәрте титулға таласқан британдық Энтони Ярдты (27-4, 24 KO) мерзімінен бұрын ұтты.

Жаңалықтар

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатының «қоласына» таласады

Линарес қаласында өтіп жатқан Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы аса тартысты матчта Әзербайжан командасына жол беріп, енді үшінші орын үшін бақ сынайды.

Жекпе-жек

Үш чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте жарқын нокаут тіркелді

ANB Arena (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы) алаңындағы бокс кешінде екінші жеңіл салмақтағы (52,2 кг дейін) үздіктердің унификация жекпе-жегі өтті. WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері үшін айқасқа АҚШ өкілі Джесси Родригес (23-0, 16 KO) пен аргентиналық Фернандо Мартинес (18-1, 9 KO) шықты.

Жекпе-жек

"Жаттығып жатырмыз": Шавкат Рахмонов UFC-ге оралатын нақты уақытты атады

Шавкат Асу Алмабаевты қолдау үшін арнайы Катарға барған еді.

Жекпе-жек

Арман Царукян Дохадағы UFC турнирінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді

UFC Fight Night 265 турнирінің басты айқасында ресейлік жеңіл салмақ өкілі Арман Царукян мен америкалық файтер Дэн Хукер октагонға шықты. 

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың салмағындағы ТОП жекпе-жек жанжалмен аяқталды

Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жартылай орта салмақта сайысқа түскен америкалық Белал Мухаммад (24-4) пен ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) арасындағы кездесу үлкен дауға себеп болды.