Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бибарыс Жексен алматылық қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
16.10.2025, 15:23

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында ұлттық құраманың боксшылары алғашқы жекпе-жектерін сенімді жеңіспен бастады. Ел үздіктері рингке шығып, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.

sportilinet.kz
Реклама
Реклама

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі бірдей ұлттық құраманың өкілі айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жамбыл облысының намысын қорғаған Бибарыс Жексен Алматы қаласының боксшысы Алдияр Мэлсті 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Бибарыс кездесуде жылдамдығы мен дәл соққыларымен көзге түсіп, төрешілерден толық ұпай жинады.

Ал Азия чемпионатының күміс жүлдегері Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) актюбиндік Нұрболат Бекбауовты дәл осындай есеппен — 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Нұрболат Бекбауов бұрын кәсіби бокста өнер көрсеткен. Ол 2020–2021 жылдары Алматыда алты жекпе-жек өткізіп, бес рет жеңіске жетіп (оның біреуін нокаутпен), бір рет жеңілген. Алайда бұл жолы оның тәжірибесі Асылқұловқа қарсы нәтиже бермеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары