Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Кубеев Алихан

Кубеев Алихан

Бокс шолушысы

Алихан Кубеев — penalty.kz сайтының бокс шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Негізгі тақырыптары — жекпе-жек пен футбол: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Асу Алмабаев сынды спортшылардың айқастары, «Қайраттың» еурокубоктағы матчтары және қазақстандық ойыншылардың трансфері. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтар легін жүргізіп, теннис пен автоспортқа қатысты материалдар дайындайды, Елена Рыбакинаның турнирлердегі өнерін қадағалайды. Сайтта екі жарым мыңнан астам мақаласы жарық көрген.

Жекпе-жек

Бокстан әлем чемпионатын қандай телеарна көрсетеді?

Ливерпульдегі чемпионатты қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы ақпарат ұлттық арнаның ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Футбол

Уэльс құрамасының бас бапкері Қазақстандағы ойын жағдайына наразы

Әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстанмен кездесетін Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами жасанды газонға алаңдаушылық білдірді. Ол мұндай алаңдар жоғары деңгейдегі футболға жарамайды деп есептейді.

Футбол

Қазақ ойыншысы әлем футболында апта қаһарманы атанды

21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков «Қайраттың» Чемпиондар лигасы аясындағы матчында басты қаһарманға айналып, әлемдік басылымдарда аптаның жұлдызы атанды.

Жекпе-жек

Қырғызстан әлем чемпионы болған балуандарға пәтер сыйлайды

Қырғызстанда алдағы күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларға үлкен сый жасалмақ. Ел билігі чемпион болған балуандарға жаңа пәтер беруді жоспарлап отыр. 

Футбол

Темірлан Анарбеков: «Ұлттық құрамамен де тарихта қалатынымызға сенемін» (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық барысын сөз етті. 

Жекпе-жек

Иван Дычко кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Иван Дычко 13 қыркүйекте өтетін Канело – Кроуфорд супер жекпе-жегінің андеркарды аясында америкалық Джермейн Франклинге қарсы шығады.

Футбол

Англия Қазақстанмен матч өткізуге дайын: Ресми құрам жарияланды

Маңызды ойын Ақтөбеде өтеді. 31-тамыз қазақстандық футболшылар оқу-жаттығу жиынын бастады. 

Жаңалықтар

Алматыда жас шахматшылар арасындағы әлем чемпионатына 250 млн теңге бөлінбек

Алматы әкімдігі жас шахматшылар бәсекесін өткізу үшін қомақты қаржы жұмсамақ.

Футбол

Бельгия Қазақстанға қарсы матчқа «Реал», «Манчестер Сити» және «Наполи» жұлдыздарын шақырды

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған қыркүйек матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. 

Хоккей

«Барыс» 42 секунд ішінде екі шайба соқты (ВИДЕО)

Астананың «Барыс» хоккей клубы өз айдынында Новосибирсктің «Сібірімен» жолдастық кездесу өткізді.

Жекпе-жек

«Қазір – менің шарықтау сәтім»: Джалоловтың «қорқынышы» батыл мәлімдеме жасады

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко АҚШ-та өтетін жылдың ең ірі бокс кешіне қатысады.

Жаңалықтар

Қазақ спортшысы Азия кубогында чемпион атанды

Отандасымыз құзға өрмелеудің «жылдамдық» санатында топ жарды. 

Жекпе-жек

Александр Усик даулы видеодан кейін сынға ұшырады (ВИДЕО)

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) украиналық абсолютті чемпион Александр Усиктің видеосына байланысты ресми әрекет жасады. 38 жастағы спортшының жеке кешінде көңіл көтеріп, би билеп, тіпті футбол ойнаған сәттері желіде таралып, үлкен талқылауға себеп болды.

Бәрі-бір

120 мың көрермен. Қарағандыда Қазақстан рекорды тіркелді

Ауқымды музыкалық шоу Қазақстан тарихындағы ең ірі мәдени шаралардың біріне айналды.

Футбол

Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебек еуропалық клубқа ауыса ма?

Скауттар алдағы ұлттық құрама матчтарында екі футболшының ойынын жіті бақылайды.

Жаңалықтар

Өзбекстан Азия чемпионатынан жанжалмен шеттетілді

Гандболдан Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Өзбекстан қыздар құрамасы күтпеген жерден турнирден аластатылды.

Футбол

Жаңа ойыншымен толыққан Қазақстан құрамасы Астанада жиналды (ФОТО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастап кетті.

Жекпе-жек

Азиядағы топ-турнирде қазақстандық таэквондошылар қанша миллион ұтты?

Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласындағы Гран-при кезеңінде алғашқы медальдарын жеңіп алды.

Авто

Қазақстанда самокат компанияларына ультиматум қойылды

Мұндай шешім елімізде апаттар мен жол ережесін бұзушылықтардың көбеюіне байланысты қабылданды.

Жекпе-жек

Назым Қызайбай әлем чемпионаты қожайынын жеңді (ВИДЕО)

Қазақстан әйелдер құрамасы қазір Англияның Шеффилд қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл дайындық 2025 жылы Ливерпульде өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына бағытталған. Жиын барысында қазақстандықтар басқа елдердің боксшыларымен бірлескен спаррингтер ұйымдастыруда.