
Бұлшықет көлемін арттыру мен оны қалпына келтіру — тек жаттығуға емес, сонымен қатар дұрыс әрі теңгерімді тамақтануға да тікелей байланысты. Бұл процессте басты рөл атқаратын — ақуыз.
Ақуыз — бұлшықет тінін құрайтын негізгі құрылымдық элемент. Спортпен айналысатындар үшін ол – жаттығу кезінде пайда болатын микрожарақаттарды қалпына келтіріп, жаңа жасушалардың құрылуына себепкер болатын басты қорек көзі.
Ақуыздан бөлек, көмірсулар да маңызды рөл атқарады. Жаттығу кезінде ағза гликоген қорын пайдаланады, ал оны қайта қалпына келтіру үшін сапалы көмірсу қажет.
Кеңес: Жаттығудан кейінгі 1–2 сағат ішінде ақуыз қабылдау — бұлшықетті қалпына келтіруді жылдамдатады.
Көптеген дәрігерлер мен диетологтардың айтуынша, протеиндік қоспалар міндетті емес. Олар қолайлы болғанымен:
Табиғи өнімдер — қауіпсіз, тиімді және үнемді балама.
PDCAAS (ақуыз сіңімділігінің аминқышқылдық коэффициенті) — ақуыздың ағзада қаншалықты тиімді қорытылатынын көрсететін ғылыми өлшем. Ең жоғарғы мән — 1,0.
Өнім | Ақуыз (г / 100 г) | PDCAAS |
---|---|---|
Сүт | 3,2 | 1,0 |
Сүзбе | 16,7 | 1,0 |
Жұмыртқа | 12 | 1,0 |
Сиыр еті | 25 | 0,92 |
Тунец | 22 | 0,78 |
Нут (ноқат) | 9 | 0,78 |
Бұлшықет өсуі мен қалпына келуі үшін қоспаларға (протеин коктейльдеріне) тәуелді болудың қажеті жоқ. Табиғи тағамдар — ақуыздың сенімді, пайдалы әрі үнемді көзі. Ал дұрыс жоспарланған ас мәзірі — денсаулық пен спорттық жетістіктің негізі.