Жас жұлдызымыз Бельгияға қарсы мачта ұлттық құраманың 0:6 есебімен жеңілуіне қатысты ойын айтып, одан сабақ алатындарын айтты.
Кеше 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы өткен ойын Қазақстан құрамасы үшін ауыр соққы болды. Команда 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Осы кездесуден кейін Дастан Сәтпаев үндеу жасап, жанкүйерлерден кешірім сұрады.
«Бүгін өте қиын ойын болды. Әрине, осындай нәтижеге кешірім сұраймыз. Бірақ біз тоқтамаймыз – қателіктерді талдап, алға қадам жасаймыз. Алла қаласа, болашақта Бельгия сияқты мықты командалармен тең дәрежеде ойнай алатын боламыз», – деді ол.
Ойын барысында Сәтпаевқа гол соғуға мүмкіндік те туған. 79-минутта ол айып алаңына кіріп, алыстан соққы жасаған еді. Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа допты дәл ұстай алмай, бірақ қазақстандық футболшылардың ешқайсысы шабуылды жалғастыра алмады.
«Мүмкін Ислам Чесноковқа пас бергенім дұрыс болар ма еді. Бірақ өзім соққы жасауды жөн санадым. Сол сәтте бұл – дұрыс шешім деп ойладым», – деді Сәтпаев.
Қазақстан құрамасы бұл ойында 0:6 есебімен ұтылды. Матчтан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кететінін мәлімдеді.