2030 жылғы әлем чемпионатына 64 команда қатысады ма?

Сарапшы, спорт журналисі

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматқа дейін кеңейту мүмкіндігін талқылап жатыр.

2030 жылғы әлем чемпионатына 64 команда қатысады ма?
Marcio Machado

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 команда қатысқан тарихи оқиға болмақ. Дегенмен өзгеріс мұнымен аяқталмайтын сияқты. ФИФА ішінде 64 командалық турнир идеясы қарқын алып келеді. Осындай ұсыныс былтыр Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы тарапынан жасалған.

“ФИФА 64 команданың қатысуымен 2030 жылғы турнирді өткізу мүмкіндігін байыпты қарастыруда,” - деп жазды The Touchline басылымы.

1998 жылдан бері әлем чемпионатында 32 команда ойнайды. Ал алғашқы ойын 1930 жылы 13 шілдеде Уругвай астанасы Монтевидеода өткен.

Чемпионаттың іріктеу жарыстарына 200-ден астам құрама қатысады. Егер чемпионат 64 командалық форматқа кеңейтілсе, Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шығу ықтималдығы артуы мүмкін.