Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына арналған жаңа формасын таныстырды

Спорт шолушысы

Өзбекстан құрамасы мундиаль алдында жаңа ойын формасының таныстырылымын өткізді. Команданың жаңа жейдесі көрсетілген бейнеролик футбол федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына арналған жаңа формасын таныстырды
Gazeta.uz

Видеода форманың дайындалу процесі көрсетіліп, толық спорттық киімге айналу сәттері бейнеленген. Ұлттық құрама үшін ақ және көк түсті екі түрлі форма дайындалған. Жаңа экипировканы 7SABER бренді шығарған. Осылайша Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы дебюттік турнирінде алғаш рет отандық брендтің формасымен алаңға шығады. Бұған дейін команда Германияның спорттық киім өндірушісі Jako компаниясының формасын пайдаланып келген. 

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында К тобында сынға түседі. Көршілес елдің командасы 18 маусымда Колумбиямен, Португалиямен (23 маусым) және Конго ДР құрамасымен(28 маусымда) өзара бақ сынасады.

Команда АҚШ-та соңғы дайындық кезеңінен өтеді

Құрама бүгін таңертең Нью-Йоркке аттанды. Команда әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңін АҚШ-та өткізеді. Футболшыларды Uzbekistan Airways әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы жеткізеді. Ұшақ ұлттық құраманың арнайы символикасымен безендіріліп, “Go Uzbekistan”, “Olg'a, O’zbekiston” деген жазулар және Өзбекстан футболының символына айналған ақ қасқырдың бейнесі орналастырылған.