"Тоттенхэмге" Темірлан Анарбековты сатып алу ұсынылды

Жекпе-жек шолушысы

Лондондық "Тоттенхэм" жанкүйерлері "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековке назар аударуға кеңес берді.

"Тоттенхэмге" Темірлан Анарбековты сатып алу ұсынылды
instagram/@anarbekov_temirlan77

Анарбековке қызығушылық неден туындады?

Well Onside жариялаған жазбада Темірлан Анарбековтың жасына, трансферлік құнына және болашақтағы даму мүмкіндігіне ерекше мән берілген.

“Тиімді ұсыныс! “Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбеков. Ол небәрі 22 жаста, ал қазіргі нарықтық бағасы бар болғаны 400 мың еуро. Бұл футболшыны бес миллион еуродан әлдеқайда төмен сомаға алуға болады. Оның әлеуеті өте жоғары!” — деп жазды Well Onside аккаунты.

Қақпашының маусымдағы көрсеткіші

Анарбеков Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында “Қайрат” сапында 13 матч өткізді. Осы кездесулерде сегіз гол жіберіп, жеті ойында қақпасын “құрғақ” сақтады.

Сонымен қатар қазақстандық голкипер Чемпиондар лигасында да тәжірибе жинады. Турнирде алты матчқа қатысып, 13 гол жіберді және бір кездесуде қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.