ӘЧ-2027: Қазақстан құрамасы іріктеудің плей-офф кезеңіне шықты

Спорт шолушысы

Бұрымды футболшыларымыз өз тобында екінші орын иеленді. 

ӘЧ-2027: Қазақстан құрамасы іріктеудің плей-офф кезеңіне шықты
Meta-ratings.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі күресін жалғастырады. Еуропалық квалификацияның топтық кезеңі қорытындысы бойынша ұлттық команда плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан өз тобында екінші орын алды

Қазақстандық футболшылар іріктеу тобында екінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже ұлттық құрамаға әлем чемпионатына жолдама үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Енді Қазақстан әйелдер құрамасы еуропалық іріктеудің бірінші плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. Қарсылас жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бірінші раундтың жеребесі 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. 

Әлем чемпионаты Бразилияда өтеді

Айта кетейік, әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңі Бразилияда ұйымдастырылады.