ӘЧ-2026: Норвегия құрамасы турнирге 300 келі балық апармақ
Мұндай шешім футболшылардың турнир кезінде үйреншікті әрі сапалы тағам тұтынуы үшін қабылданған.
Футболдан Норвегия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына ерекше дайындықпен бармақ. Команда мундиальге өзімен бірге 300 келі балық және танымал аспаздарды алып барады. Бұл туралы норвегиялық VG басылымы хабарлады.
Ойыншыларға үйреншікті тағам ұсынылады
Дереккөздің мәліметінше, мұндай шешім футболшылардың турнир кезінде үйреншікті әрі сапалы тағам тұтынуы үшін қабылданған.
Норвегия құрамасының штабы ойыншылардың тамақтану тәртібін маңызды фактор деп есептейді. Әсіресе ұзақ турнир кезінде дұрыс ас мәзірі спортшылардың физикалық дайындығына, қалпына келуіне және ойын кезіндегі концентрациясына әсер етеді.
Норвегия мықты топқа түсті
2026 жылғы әлем чемпионатында Норвегия құрамасы I тобында ойнайды. Бұл топта норвегиялықтарға Франция, Сенегал және Ирак құрамалары қарсылас болады.
Франция — турнирдің басты фавориттерінің бірі саналса, Сенегал да соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген команда. Сондықтан Норвегия үшін топтық кезең оңай болмайды.
Айта кетейік, Норвегия құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең жоғары жетістігі — 1/8 финал. Команда бұл кезеңге 1938 және 1998 жылдары шыққан.