79 долларға әлем чемпионатының бір бөлігі болу: FIFA ерекше қызметті іске қосты
Енді турнирге келген жанкүйерлер өз есімін стадион экранынан көре алады.
Есімді экранға шығару шарты қандай?
FIFA футбол жанкүйерлерін әлем чемпионаты атмосферасына жақындата түсу үшін ерекше қызмет ұсынды. Жаңа опцияға сәйкес жанкүйерлер 79 доллар төлеп, өз есімін матч алдындағы дайындық кезінде стадион таблосынан көрсете алады.
Ұйымның мәліметінше, бұл мүмкіндік 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық 72 матчта қолжетімді болады.
Жанкүйердің аты-жөні немесе қысқа мәтіні стадион экранында командалардың ойын алдындағы жаттығуы кезінде көрсетіледі. Бірақ хабарламаға қойылатын нақты талаптар бар.
Мәтін 30 таңбадан аспауы керек. Сонымен қатар эмодзи қолдануға рұқсат берілмейді.
FIFA бұл бастаманы жанкүйерлердің турнирге қатысу сезімін күшейту және әлем чемпионатының атмосферасын барынша жеке әрі есте қаларлық ету мақсатында енгізіп отыр.
ӘЧ үш елде өтеді
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл — әлем футболы тарихында бірден үш мемлекет қабылдайтын алғашқы мундиаль.
Жаңа формат бойынша плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасынан ең үздік сегіз құрама жолдама алады.